Art Global. «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі

Бүгін назарымызды Италияның музыкалық сахналарына аударайық. Дәстүр мен шығармашылық қуаттың қайнар көзі – «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің Италияның көркем қалаларына гастрольдік сапарын бір сөзбен осылай сипаттар едік. Ғаламат жасампаздық дәстүрі - Қазақстандық жаз маусымы осымен 20 жыл бойына жалғасып келеді.