Экономика. Бизнестің шығындарын өтеу

Қазақстан жаңалықтары

-          2018 жылдың қаңтар-маусымында, шетелден ҚР халқына жеткізілген ақша аударымдарының көлемі 147,5 млрд теңге болған. Бұл өткен жылдың, сәйкес мерзіміне қарағанда 10,5%-ке артық

-          Ресей бензинін Қазақстанға әкелуге шектеу қою мерзімі белгілі болды. Ресейден Қазақстанға импорттауға тыйым 26 тамыздан дейін күшіне енеді

-          2018 жылдың шілде айының соңында, ҚР Ұлттық қорындағы қаражат 21 трлн 600 млрд теңгеге жеткен. Бұл бір жыл бұрынғыдан, 3,2%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          Ел тарихындағы ең ірі девальвация нәтижесінде, Венесуэланың ұлттық валютасы 95%-ке құнсызданды. Девольвацияға дейін, оның 1 долларға шаққандағы ресми бағамы - 285 000 боливар болатын. Енді бір доллар, 6 млн боливар тұрады

-          Француздың Total мұнай компаниясы, Ирандағы жұмысын тоқтататындығын растады

Сараптама

Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірқатар шара қарастырылған. Ол жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шығындарын 40 процентке дейін жабуға мүмкіндік береді. (спикерлер:Тәпішев Е.-«ИДҚИ» АҚ Қолдау құралдары орталығы директорының орынбасары; Сағиев А.- «ИДҚИ» АҚ Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы)