Үлкен спорт. Бастиан Швайнштайгер «Бавария» футбол клубының «Даңқ залына» қосылды

Германия құрамасындағы әлем чемпионы, жартылай қорғаушы Бастиан Швайнштайгер «Бавария» футбол клубының «Даңқ залына» қосылды. «Евроньюстің» хабарлауынша, Швайнштайгер - мюнхен командасында осындай құрметке ие болған 18-інші футболшы. Өткен аптада «Бавария» үшін қоштасу матчын өткізген 34 жастағы жартылай қорғаушы, соңғы голын салды. Клуб құрамында Бастиан 13 маусым бойы 500 доп теуіп, 68 гол салып, басты клубтық жүлделерді иеленді.