Саясаттанушы: Әзербайжан-армян келіссөзін Алматыда өткізу дұрыс шешім болды
Әзербайжан мен Армения келіссөзін Алматы қаласында өткізу дұрыс шешім.
Саясаттану ғылымдарының кандидаты Бауыржан Шериязданов осылай дейді. Оның айтуынша, Қазақстанның келіссөз жүргізуі үшін екі елге алаң ұсынғаны жақсы нышан. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, осы мемлекеттерге жасаған сапары аясында татулық пен бейбітшілік орнатудың маңыздылығына назар аударған. Сондықтан бұл құптарлық іс, дейді ол.
Бауыржан Шериязданов, саясаттану ғылымдарының кандидаты:
- Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының жақсы нышаны деуге болады. Екінші жағынан Қазақстанға қандай пайдасы бар? Қазақстан орысша айтқанда прагматический саясат жүргізеді. Президентіміз ең бірінші Әзербайжанға барып, содан кейін Арменияға барғаны бекер емес. Президентіміз оларды келісімге шақырды.