Экономика. Урбанизация

Қазақстан жаңалықтары

-          Қазақстан 2019 жылы 88 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында осылай жазылған

-          2018 жылдың қаңтар-шілдесінде, ақша аударымдары жүйелері арқылы ел ішінде 43,7 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 4 есеге көп

Әлем жаңалықтары

-          Жапондық Toyota Motor автоөндірушісі, өртеніп кету қаупі салдарынан, 1 миллионнан астам Prius және C-HR моделі автомобилін кері шақыртпақшы

-          Немістің Bayer AG химиялық-фармацевтикалық концернінің, 2018 жылдың алғашқы жартысындағы таза табысы, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 16,8%-ке кеміп, 2 миллиард 753 млн еуро болған

-          Amazon.com Inc.-тың капиталдандыруы, сейсенбідегі сауда-саттық барысында, интернет-ритейлердің тарихында алғаш рет, аз уақытқа 1 трлн доллардан асты

Сараптама

Урбанизация - күллі әлем үшін өзекті тренд. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2050 жылы халықтың үштен екісі қалалық жерлерде тұратын болады. Оның үстіне, табысы орташа деңгейден жоғары елдердегі қала тұрғындарының саны 80%, ал, табысы орташа деңгейден төмен елдердегі қала халқының саны 57% болады. (спикерлер: Боранбаев А.- «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің бәсекеге қабілеттілік орталығы жетекшісі; Айғазин Ж.- Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры)