Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапония билігі иесіз қалған үйлерді таратып жатыр

Жапония иесіз қалған үйлерді таратып жатыр. «Инсайдер» басылымының тілшісі Эбен Дискин биліктің бұл әрекетінің себебіне көз жүгіртіпті. 2018 жылдың қарашасында жапон билігі елдегі иесіз қалған үйлерді қысқарту бағдарламасын қолға алды. Осылайша қаңырап тұрған 8 миллионға тарта ғимаратты арзан бағаға сатуға немесе тегін таратуға кірісті. Бүгінде елде осындай үйлердің саны жыл санап көбейіп келеді. Мамандар мұны табиғат апаттары мен халықтың қартаюымен және ырым-жоралғылармен байланыстырады.