Үлкен спорт. Джейдон Санчоның бағасы үш айдың ішінде 80 млн еуроға қымбаттаған

Дортмунд «Боруссияның» шабуылшысы Джейдон Санчоның бағасы бар-жоғы үш айдың ішінде 80 млн еуроға қымбаттады, деп жазады Evening Standart. Қыркүйек айында бұл спортшының трансферлік бағасы 9 млн 700 мың еуроға бағаланған болатын. Қыркүйектен бері ойыншының бағасы 800 пайызға көтерілді. Мұндай көрсеткіш бұған дейін әлемдегі ешбір футболшыда болған емес.