Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Италия экономикасы әлсіреуде

Италия экономикасының әлсіреуіне еуроның кінәсі бар ма? Одақтың ортақ валютасы бұл елді қиындықтан құтқара алмағанын жазған «Блумберг» агенттігінің шолушылары Алессандро Специале мен Кьяря Албанезе жағдайдың түп-төркініне үңіліпті. Еуропаның ортақ валютасы Италияға 20 жыл бұрын келді. Бірақ бұл тарихи оқиға ел экономикасына оң әсер ете алмады. Еуро ресми валюта деп танылған 1999 жылдан бері бұл елдің жан басына шаққандағы ІЖӨ өзгермепті. Жұмыссыздық деңгейінің бәсеңдеуінің де елеусіз болғаны аздай, еңбек өнімділігінің төмендеуі де жығылғанға жұдырық болды. Осылайша еуроны қолдаушылар мен кінәлаушылар тобы пайда болды. Бұл мәселеде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екендігін анықтау үшін материал авторлары Италия секілді еуроаймаққа алғашқылардың қатарында кірген он елдің өнімділігін салыстырыпты.