Агробизнес. Еліміздегі жылқы шаруашылығының даму барысы

Кең байтақ Еуразия даласында жабайы жылқылар қолға үйретілді.

Нақтырақ айтсақ, асауға ауыздық алғаш рет қазіргі Қазақстан жерінде салынды. Кейін барып қана өзгелер төрт аяқтыларды тізгіндеп, істің қыр-сырын меңгерді. Қазіргі күні елімізде мінсең көлік, жесең азық болар жануарларды өсіру деңгейі жақсы. Соның нәтижесінде мал басы ұлғайып жатыр.