Агробизнес. Қазақстандық сүт өндірушілерге жаңа талап қойылды

Жақында қазақстандық сүт өндірушілерге талап қойылды. Тың ультиматумға байланысты отандастарымыз зауыттарға тек Кедендік одақтың техникалық регламенттері стандарттарына сәйкес келетін ақ өткізуі тиіс. Республикада мұндай өзгеріс тура бір жылдан кейін іске аспақ. Оған дейін фермер қатаң ережелерді зерттеп, іске жаңашылдық еңгізуі қажет. Әйтпесе оның тауары өндіріс ошағына қабылданбайтын болады. Біз бүгінгі бағдарламамызда өзгертудің сүт саласына тигізер қатері бар ма, шикізаттың қауіпсіздігі мен сапасын арттыру үшін басшылықпен бизнеске нендей механизмдерді қолдану керектігін әңгімелейміз.