Экономика | Бензин мен дизель отынын өндіру

Қазақстан жаңалықтар:

- 2018 жылы өнеркәсіптік өндіріс ұлғайып, 104,1 процентке жетті;

- 1 194 254. Өткен жылы елімізде осынша көлік тіркеуге қойылған. Бұл жалпы сан. Қайта тіркеуге қойылғаны, иесі алмасқаны, барлығы осы тізімде. Былтырғы статистикамен салыстырғанда бұл 14,8 процентке көп.

 

Әлем жаңалықтар:   

- Украинаның Мемлекет қарыз бойынша төлемдері биыл 417 млрд гривен немесе 14 млрд 200 млн доллар шамасында болады;

- Сауд Арабиясы королдік аумағындағы алғашқы ірі жел электр станциясының құрылысына қатысты тендер өткізді. Кешеннің қуаты 400 МВт болады;

- Аргентиналық шие енді Қытай нарығын жаулайды. Буэнос-Айрес Бейжіңмен осы жемістің 160 тоннасын жеткізу туралы келісімге келді.

 

Сараптама

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салына ма? Салынса қашан? Бұл біздің қоғамда жиі айтылатын, әсіресе осы салаға қатысы бар мамандар арасында көп талқыланатын тақырып. Бір тарап жанармайға деген сұраныс артып келеді, жаңасы неғұрлым тезірек игілікке берілсе деседі. Келесі біреулері қолданыстағы үш зауыт та жетіп тұр. Төртіншісін дәл қазір салудың қажеті шамалы деген уәж айтады. Ал, сарапшылардың пікірі қандай? Бүгін осы тақырыпты әңгімеге арқау етеміз.

Спикерлер: Тоқбаев Арман Серикұлы - Ұлттық мұнай-газ компаниясының мұнай өңдеу департаментінің директоры; Тұрдыбеков Мұрат - ҚР энергетика министрлігінің басқарма басшысы.