Экономика. Үкіметтің кеңейтілген отырысында не айтылды?

Біз қаржының тұрарын емес, құрарын және тиыннан теңге жасаудың құралын айтамыз. Бүгінгі шолуымызға кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы арқау болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиында министрлер кабинеті былтыр атқарған жұмыстарын баяндап, жоспарларымен бөлісті. Биыл басым күш әдеттегідей халықтың тұрмысын тіктеп, табысын молайтуға бағытталмақ.  Ал екпін салынуы тиіс деген ерекше мәселелерді Президент айқындап берді. Алдағы 10 минутта оларға рет-ретімен тоқталамыз.