Шаршы метр. Көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару

Қазақстанда пәтерлер мен үй-жай иелері көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару, пайдалану және қызмет көрсетуде белсенділік танытып жатыр. Мұның бәрі БҰҰ Даму бағдарламасы және ҚР Үкіметінің бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асып келеді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» ісі үш бірдей пилоттық аймақта -    Астана қаласы мен Қарағанды және Павлодар облыстарында қолға алынған. Бүгінде энергия үнемдеу және қалпына келтіру шараларына 12 грант бөлінген. Құрылыс, сәулет және жылжымайтын мүлік туралы ең өзекті мәліметтер «Шаршы метр» бағдарламасында.