Үлкен спорт. Мұхаммед бин Салман ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын сатып алмақ

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын сатып алмақшы. Sun таблоидының жазуынша, ханзада МЮ үшін 4,8 миллиард доллар төлеуге де әзір. Дегенмен клубтың қазіргі қожайындары, Глейзерлер отбасы сауда жасауға асығар емес. Бірақ бұл ұсыныстың өте тиімді екендігі анық. Салман жаңа маусым басталғанша келісімге келеріне сенімді. Ол команданың чемпиондар Лигасына шығуын талап етіп отыр.