Экономика. Астананың азық-түлік белдеуі

Қазақстан жаңалықтары

- Өткен жылы қазақстандық компаниялар сүт және кілегей өндірісін 11,1 процентке ұлғайтып, 535 мың тоннадан асырды. Ал, ірімшік пен сүзбені арғы жылмен салыстырғанда  9,3 процентке көбірек шығарды. Сөйтіп 27500 тоннаға жеткізді

- 2030 жылға қарай ел ішіндегі ауылдардың 80 процентке жуығы жаңа стандарттарға икемделіп, ажарлана түседі

Әлем жаңалықтары

- Honda 2022 жылға қарай Ұлыбританияның Суиндон қаласындағы зауытын жабады 

Сараптама

Енді елорданың азық-түлік белдеуі жайлы айтайық. Бас шаһарды қажет өніммен қамтуға жергілікті кәсіпорындар ғана емес, іргелес аймақтардың да өндірушілері атсалысып келеді. Жиын саны жиырмадан аса ауданның үлесі бар. Үкімет осы бағыттағы жұмысты тағы ширата түспек. Былтыр 2021 жылға дейінгі Жол картасын әзірледі. Оған қажеттілік қандай? (спикерлер: Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы - ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі; Әутәліпов Дәурен Қайырбергенұлы - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші категориялы сарапшысы)