Үлкен спорт. Испан «Барселонасы» тағы бір ойыншымен толығады

Испан «Барселонасы» тағы бір ойыншымен толығады. Енді «Атлетико» мен Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманның осы клубқа баруы мүмкін. Француздық басылым көп кешікпей келісімшартқа да қол қойылатынын жазыпты. Бұған дейін де жаңа ойыншыны өздеріне тартпақ болған каталондықтар биылғы маусым біткен соң, мадридтік клубқа ұсыныс жасамақ. Қазір Гризманның өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқан «Барселона» негізі оны қатарына былтыр қосып алғысы келген. Бірақ футболшы «Атлетико» сапында қалатынын айтып, бас тартқан. Дегенмен «Ювентустан» 0:3 есебімен жеңіліп, чемпиондар Лигасынан шығып қалған соң, 27 жастағы жігіт райынан қайтқан сияқты.