Транзитті Қазақстан І Теміржол саласын автоматтандыру

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық саласы жаңа технологияларға көшіп, цифрландыру үрдісінен өтіп жатыр. Бар жаңашылдыққа көз ілесіп те үлгермейді. Бұлардың қатарында теміржол саласын автоматтандыру ісі де бар. Бүгінде ол - жолаушылар мен жүк тасымалы бойынша ең тиімді транспорт түрі санатында. Мұнда жаңа технологиялар енгізіліп, адам қолымен жүзеге асырылатын жұмыстардың саны азайып келеді. Жақында елімізде локомотивтерді автоматты түрде басқаратын интеллектуалды жүйе енгізілді. Мамандардың айтуынша, оның тиімді тұсы көп.