Транзитті Қазақстан І Астана экономикалық форумы

Астана экономикалық форумы. Жаһан жұрты көз тіккен ауқымды шара биыл 12-ші рет Қазақстанның бас қаласында өтті. Мақсат – сағат сайын құбылып тұрған шартараптың маңызды проблемаларын талқылау, һәм оларды шешудің жолдарын қарастыру. Экономика, бизнес пен саясаттың көшбасшылары және түрлі сала өкілдері бас қосқан жиында күрделі мәселелер талқыланды. Форумға әлемнің 70-тен астам елінен делегаттар келді. Ал жалпы қатысушылар саны 5 мыңнан асты. Олардың барлығын әлемде болып жатқан проблемалар алаңдатады.