Олимп І Токиоға дайындық

Сырттай қарағанда төрт жыл дегеніміз кәдімгідей біраз уақыт сияқты көрінеді. Бірақ, Бразилиядағы бәсекеден кейін оның қалай сырғып өте шыққанын да байқамай қаппыз. Яғни, енді тағы бір жыл өтеді және Жапониядағы жазғы ойындар жалауын желбіретеді. Осы тұрғыда біз жерлестеріміздің дайындығы жайында сөз қозғауды жөн көрдік. Өйткені, қаншама қаржы бөлініп жатыр, қаншама жағдай жасалып жатыр және үйіп-төгіп берілген уәде тағы бар. Ал, енді осының бәрін жан-жақты саралап, іс жүзіндегі көрінісіне көз жүгірер уақыт келді.