Әскери дайындық | Әскер KZ

Бір мезетте бірден бірнеше елде әскери оқу-жаттығу өтті. Қазақстанның, Ресейдің, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғыз елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бірлесіп дайындалды. Екі мыңға жуық сарбаз шеберліктерін шыңдады. Жүздеген әскери техника тартылды. Олардың арасында зениттік-зымырандық кешен мен жойғыш ұшақтар бар. Мұндай жаттығулар не үшін керек? Біздің елге не береді?