Елордада спартакиада жанданды | Олимп

Паралимпиадашылар жарап тұр. Жеткен жетістікке тоқмейілсімейді. Жапониядағы ойындардан кейін сәл тынықты да қайтадан елордаға жиналды. Бас-аяғы мыңнан аса спортшы бұл жолы өзара мықтыны анықтады. Паралимпиада әлемдік деңгейдегі негізгі аламан болса, спартакиада ел деңгейіндегі айтулы жарыс. Екеуі де төрт жылда бір болады және екеуі де өліспей беріспейтін бәсекелерге толы.