Амангелді Сейтхан: «Жеңісті күндерде жүздескенше!» | Олимп

«Жеңісті күндерде жүздескенше!». Амангелді Сейтхан әр эфирін осылай аяқтайтын. Ал, бұл жолы жоғарыдағы тіркес респуликалық турнирдің атауына айнады. Белгілі спорт журналистін еске алуға арналған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда жиналды. Оның ішінде Аман ағамыздың замандастары, әріптестері, қаламгерлер және парламенттің депутаттары да бар.