Президент оркестрінің солисі Айзат Қарабек | NEXT

Бала кезінен өлең айтқан Айзат Қарабектің қабілетін байқаған ата-анасы Петропавл қаласының дарынды балалар өнер мектебіне оқуға тапсыртады. Ол жерде 5 жыл домбыра сыныбында білім алған. Мектепті бітірген соң Алматыдағы эстрада және цирк колледжінде «Жетісу» мектебі бойынша білім алған. Айзат білімін шыңдау үшін елордадағы Шабыт өнер университетінде  “Арқа» метебі бойынша дәріс алған. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз қазіргі таңда Қазақстанның Президенттік оркестрінде жұмыс жасауда.