Жасыл түске боялған өнім шынымен табиғи ма? | Эко орта

Nielsen сауалнамасы бойынша дүние жүзіндегі тұтынушылардың 41% қаптамадағы «эко», «био», «табиғи» деген белгілерге сенеді. Сұраныстан ұсыныс туады. Барлық өнім біртіндеп жасыл түске боялуда. Бірақ олар шынымен табиғи ма, әлде аты ғана ма? Былтыр Қазақстанда organic food стандарттарына сәйкес келетін небәрі 60-70 компания тіркелген. Ал қалғаны тек «жасыл» принциптерін ұстанатын сыңай танытады.