ХХ ғасыр мәмлесі «Теңізшевройл» жобасы | Сара жол

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, дербес атанып, көк байрағын көкке желбіретіп бүтін әлемге азат екендігін паш еткеніне биыл тура 30 жыл. Әрине 30 жыл бір азаматтың жолына теңестіре айтсақ, қазақ оны орда бұзар шақ деп атайды. Осы тұста сұрақ. Қазақстан өткерген 30 жылда сол орданы бұза алды ма? Әлбетте оған жоқ деп жауап берудің өзі де қисынсыз. Себебі, бәрі іспен дәлелденіп келеді. Сондай әу бастан бағыты оң болған жобаның бірі мұнай-газ секторына тиесілі. Нақтыласақ ХХ ғасыр мәмілесі атанған, алғашқы инвесторлар ағынының келуіне себепкер болған «Теңізшевройл» жобасы.