Пандемия қашан бітеді? | Өзекті

Пандемия биыл бітеді, келесі жылы қалыпты өмірге ораламыз. Шетелдік ғалымдар осылай деп бертінде ғана мәлімдеме жасаған-ды. Бірақ коронавирустың жаңа штамы шыққалы әлгінде ғана сәуегейлік танытқандар ауыздарына құм толтырып алғандай тіл қатпай қойды. Шамасы қауіпті індеттің тап бұлай түрленіп кетерін білмесе керек-ті. Рас білгені жоқ. Омикронның қандай қаупі барын әлі ешкім айта алмайды. Өйткені оны зерттеуге әлі де уақыт керек. Бірақ ғалымдар омикрон жұқтырған адамдарда қандай ауру белгілері байқалатынын білеміз дейді. «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.