Депозитке аударылған жинақты қалай қолдануға болады? | Өзекті

Екі күнен кейін қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын Отбасы банкіндегі депозиттеріне аударуға мүмкіндік алады. Халық бұл жаңалықты қыркүйек айынан бастап күтті. Себебі көптеген адамның қордағы қаражаты баспана алуға жеткіліксіз, сол себепті оны депозитке аударып тағы біраз уақыт ақша жинау туралы бастама жұрттың көңілінен шықты. Жинақты банкке аудару процесі қалай жүреді? Оған мемлекет тарапынан сыйақы төлене ме? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.