Ауылдан шығып әлемді мойындатқандар | Олимп

Ауылдан шығып әлемді мойындатқандар немесе қазақ балалары да доп тебе алады. Қазір бұл жігіттерге қандай мадақ айтса да жарасады. Қазақстандық құраманың әлем чемпионатындағы жетістігін білесіз. Соның арқасында жуырда ғана «жылдың үздік командасы» атанды. Басқа да марапат пен шарапат жетеді. Бірақ жігіттер оған тоқмейілсіп отырған жоқ. Дүниежүзілік додадан кейін бірден ішкі біріншілікке ден қойды. Соның арасында халықаралық лигаға қатысты. Бірқатар жолдастық кездесу өткізді. Жаттығу жиындарын жиілетті. Өйткені алда тағы бір үлкен сынақ, тағы бір үлкен аламан күтіп тұр. Бұл жолы олар кәрі құрлықтық үздігі атанғысы келеді.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.