Елордада Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жылдың қорытынды жарысы өтті | Олимп

Ел үздіктері елордаға жиналды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жылдың қорытынды жарысы, яғни, ересектер арасындағы ішкі біріншілік өтті. Бір аптаға созылған бәсекелер қай жағынан алып қарасақ та аса тартысты болды. Өйткені оның нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға қатысады. Сондықтан қай-қайсы да аянып қалған жоқ. Ал жергілікті жанкүйерлер үшін бұның барлығы керемет шоу, көптен күткен спорттық мереке болды.