Көлік қымбаттай ма? | Өзекті

Елімізде автокөлік бағасы қымбаттайды. Бұған Ресейге салынған санкциялар түрткі болды. Алайда әзірге онсыз да шарықтаған баға қаншалықты өсетіні белгісіз. Мұны әзірге ешкім дөп басып айта алмайды. Анығы Ресейде темір тұлпар бағасы осы айда бірден 20 % өседі. Бірқатар сарапшылар осындай болжам жасауда. Бұл жағдай елімізге де әсерін тигізбей қоймасы анық.

Қазір ірі шетелдік автоконцерндер Ресеймен келісімді бұзды. Атап айтқанда, BMW, Ford, Jaguar, Land Rover, General Motors, Volkswagen, Skoda, Porshe, Mazda, Honda көрші мемлекетке көлік жеткізуді тоқтатты. Hyndai мен Renault шығартын ресейлік кәсіпорындар да тұралап қалды. Рейтер агентігінің хабарлауынша, неміс концерні «Daimler Trucks» әйгілі Камаз зауытымен әріптестіктен бас тартты. Ең сорақысы бұл тізім күн сайын толығуда.

Осылай жалғаса берсе отандық автоөндіріс саласының күйі не болмақ? Бұл сұрақ бүгінде көптің көкейінде жүр. Жұртты толғандырған түйткілдің түйінін «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында жіктеп жіліктеп айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.