Қаржы нарығындағы құбылыс | Өзекті

Инфляцияның базалық өлшерлемесі бірден 13,5% шарықтап кетті. Теңге құнын жоғалтпас үшін Ұлттық банк өткен аптадан бері интервенция жасап келеді. Бұл мақсатқа жұмсалған қаржат көлемі 176 млн доллардан асты. Егерде бұлай жалғаса берсе Ұлттық қор сарқылып қалмай ма? 

Осы тұста сандарды сөйлетсек. Қазір еліміздің алтын-валюта қорында 38 млрд долларға жуық қаражат бар. Әзірге ішкі халықаралық резервтер көлемі 87млрд доллардан асты. Бірақ мықты деген Ресей экономикасының дефордқа ұшырау қаупі жоғары. Ең сорақысы көрші мемлекетке салынған санкциялардың салқыны біздің елге тиіп жатыр. 

Ал күн сайын құбылып жатқан теңгенің күйі не боларын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Ахуал белгісіз. Бірақ тығырықтан шығуы үшін Үкімет пен Ұлттық банк қоян қолтық жұмыс істейді. «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.