Мемлекеттік сатып алу: жең ұшынан жалғасқан жемқорлық І Анығында

Елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тыйылар емес. Әсіресе мемлекеттік сатып алу саласында бармақ басты, көз қысты әрекеттер қаптап кетті. Екі жылдың ішінде 400-ден астам қылмыс іс әшкереленді. Сорақысы сол, тендердің әділ өтуін қадағалайтын мемлекеттік аудит қызметкерлерінің өзі пара алған.