Қара және түсті металл сынықтарын елден шығаруға тыйым салынды | Ақпарат шебінде

Алтыншы мамырдан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сыртқа әкетуге тыйым салынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл мәселе елдегі шикізат тапшылығына байланысты деп отыр.

Қазіргі уақытта елімізде «Aluminium of Kazakhstan», «ALPROF», «ALUGAL» және «GOLD ALUMINUM» сияқты 4 ірі зауыт жұмыс істейді. Компаниялар дайын өнімді шығару үшін негізгі шикізат ретінде металл сынықтары мен қалдықтарын пайдаланады. Ішкі металл сынықтары жетіспеушілігіне байланысты көрші мемлекеттерден осы шикізатты импорттауға мәжбүр. Қара және түсті металдардың сынықтарын шетелге жеткізе алмай отырған кәсіпорындардың шикізат өнімдерін қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптері өзара тиімді ынтымақтастықты құрып, шикізатты алуға дайын екендерін тілге тиек етті.

 

«Ақпарат шебінде» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.