Қор биржасындағы сауда-саттық | Керек дерек

Қор нарығындағы акцияларды сатып алу үйде отырып пиццаға тапсырыс бергендей оңай шаруа. Қаржы саласында арнайы білімі жоқ қарапайым адам да 500 доллары болса, инвестор атана алады. Яғни Apple немесе McDonalds-тың құнды қағаздарына еш қиындықсыз иелік ете алады. Қор биржасындағы сауда-саттық тек элитаға ғана қолжетімді деген пікір қате. Бүгінде бағалы қағазды кез келген адам үйде отырып-ақ сатып ала алады. Бұған жаппай компьютерленген заман мен брокерге берер төлем шегінің төмендеуі сеп болып отыр. 

«Керек дерек» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында қор биржасындағы сауда-саттық немесе 10 минут ішінде қалай инвестор атануға болатынын баяндаймыз.

«Керек дерек» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.