Кабинет. Ләззат Рамазанова

Қазір отандық бизнестің сыналар шағы.

Дүниежүзілік сауда ұйымына өтіп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған тұста Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке серпін керек. Осы орайда мемлекет іскер адамдарға түрлі көмек көрсетіп келеді. Бірнеше жыл бойы Ұлттық қордан бөлінген қаржы жеңілдетілген несие түрінде жұмсалды. Соның арқасында көптеген кәсіпорындар жаңаруға бет бұрды. Біздің бүгінгі бағдарлама осы тақырып аясындағы әйелдер кәсіпкерлігінің аяқалысына арналмақ. «Кабинет» бағдарламасының  бүгінгі қонағы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова.