«Арман ағашы» науқаны аясында 20 мыңнан астам баланың тілегі орындалды

Amanat партиясы «Арман ағашы» қайырымдылық науқаны шеңберінде 20 мыңнан астам баланың арман-тілегін орындады.

Жаңа жыл қарсаңында "Жастар Рухы" Жастар қанаты жыл сайынғы іс-шарасын іске қосты. Акция аясында "Балам-ай" мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қайырымдылық қорының бүлдіршіндеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Бүлдіршіндер өздерін ертегі әлеміне енгендей сезінді. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек науқанның тең мүмкіндік пен қолайлы орта жасаудағы маңызына тоқталып, оның ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлайтынын атап өтті.

Ақерке Ескендірова, Amanat партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Балалардың арман-тілектерін арнайы жазып аламыз. Кейін оны орталық аппараттағы шыршаға іліп, ары қарай барлық партияластар осы балалардың арманын орындауға атсалысады. Кейіннен осындай мерекелік шарада оларға осы сыйлықтарды табыстаймыз.

Қымбат Керейбай, «Балам-ай" орталығы тәрбиеленушісінің анасы:

- Аманат партиясынан келіп, балаларымызды құттықтап жатыр. Жыл сайын бізді құттықтайды. Біздің балалар хат жазады. Әрине біз қуанамыз, балам қуанады. Үнемі осылай келіп, бізді құттықтап жатқанына көп рақмет.