Кептеліс азая ма? Алматы – Бішкек автожолында үлкен жоба басталды

Алматыға кіреберістегі ең қарқынды бағыттардың бірі – Алматы–Бішкек халықаралық автожолының 19-27 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 

JOL LIVE бағдарламасының бұл шығарылымында ауқымды жобаның басталу рәсімінен арнайы репортаж ұсынып, қандай өзгерістер жүзеге асырылатынын және оның Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымына қалай әсер ететінін көрсетеміз. Сондай-ақ жүргізушілер мен жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, сала мамандарының сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

JOL LIVE – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Әр шығарылымда жол құрылысы мен оны күтіп ұстау, инженерлік шешімдер және сала мамандарының еңбегі көрініс табады.