Қарағанды-Жезқазған тасжолы жаңарады: елдегі ең ірі жол құрылысының барысы

Жарты ғасырдан бері күрделі жөндеу көрмеген Қарағанды-Жезқазған автожолы жөнделуде. Бұл – екі өңірді ғана емес, елдің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар республикалық жоба. Мұны «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүзеге асыруда.

Құрылыс неше кезеңнен тұрады? 572 шақырымдық автожолда қандай жұмыстар атқарылады? Жоба аяқталған соң жол жүру уақыты қанша сағатқа қысқарады және оның ел экономикасына әсері қандай?

«JOL LIVE» бағдарламасы аясында құрылыс алаңына барып, жобаның ауқымын өз көзімізбен көрдік. Сондай-ақ жауапты мамандар мен сала өкілдерінің пікірін тыңдап, елдегі көлік инфрақұрылымындағы рөліне тоқталамыз.

Жаңарудың арқасында Ұлытауға көлікпен жету мұң дейтін пікір өзгеріп қалар?! Бірге білейік!