Шекарадағы өзгеріс. «Әлімбет» өткізу бекеті мен халықаралық бағыт қалай жаңарып жатыр?
Шекара бекеті – елдің халықаралық қатынасының алғашқы нүктесі. Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу бекетінде ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шығарылымда жаңа инфрақұрылым қандай болатынын, бекетке апаратын республикалық жол неге жөнделіп жатқанын және бұл өзгерістер халықаралық тасымал мен тұрғындарға қандай мүмкіндік беретінін көрсетеміз.
Jol Live – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Әр шығарылымда жол құрылысы мен оны күтіп ұстау, инженерлік шешімдер және сала мамандарының еңбегі көрініс табады.