Көптен күткен өзгеріс: Атырау-Орал жолын жаңарту жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Жылдар бойы жүргізушілердің де, жергілікті тұрғындардың да негізгі талаптарының бірі Атырау-Орал бағытын жаңарту болды. Енді көптен күткен жоба іске асып, жолды жаңғырту жұмыстары басталды. Орал мен Атырауды жалғайтын бағыттың жаңаруы Батыс өңірлер арасындағы көлік қатынасына, жүк тасымалына және жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған Jol live жобасының кезекті шығарылымында көптен айтылып келген жобаның қазіргі барысын көрсетеміз.