Ел аумағында «Қауіпсіз қала» акциясы өтті
«Әділет» партиясының белсенді жастары шаһар көшелерін аралап, қақпақсыз қалған құдықтарды, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және тұрғындарға қауіп төндіретін өзге де олқылықтарды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Рейд барысында 100-ден астам дерек белгілі болды. Науқанға 2 мыңға жуық адам қатысты.
Шұғыла Нұрмұханова, Батыс Қазақстан облыстық «Әділет» партиясы жастар қанатының консультанты:
– Учаскелік полиция қызметкерлеріне және 109 көмек қызметіне хабарласып, ашық жатқан кәріз қақпақтарының бар екенін хабарладық. Тез арада шара қолдануларын сұрадық. Өйткені ертең қыс мезгілі келе жатыр. Осы жерді қар басып, ертең мүлде көрінбей қалуы мүмкін. Қауіпсіз қала – біздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан қауіпсіз қаланы бірге құрайық.