Қауіпсіз жол қатынасы: Қарағанды облысында көпірлер жаңартылуда

Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында екі көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. KAZ14 «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» тасжолындағы теміржол өткелі жаңартылса, «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» бағытында Шат өзені арқылы өтетін көпір қайта салынуда.

Бірінші нысанда ескі өткел бөлшектеліп, жаңа тірек құрылымдары орнатылып жатыр. Ал Шат өзені үстіндегі көпірде 144 қада қағылып, негізгі арқалықтар мен плиталарды монтаждау жұмыстары жүргізілген. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын көріп, мамандардан жобаның ерекшеліктері мен алдағы кезеңдері туралы сұрап білдік.

JOL LIVE – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба.

Сондай-ақ оқыңыз: