Қызылорда – Жезқазған: Ұлытаудағы жол қайта жаңғыртылды

«Қызылорда – Жезқазған» автожолының Ұлытау облысындағы 208 шақырымдық бөлігі қайта жаңғыртылып, көлік қозғалысына ашылды. Бұрын тозығы жеткен жолмен жүру жүргізушілер үшін ұзақ әрі қиын сапарға айналса, енді жаңарған күре жол Қызылорда мен Жезқазған арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетеді.
Жоба аясында жол III техникалық санаттан II санатқа ауыстырылып, төрт көпір, 78 су өткізгіш құбыр және 18 мал өткелі салынды. Құрылысқа 1200 маман мен 800 бірлік техника жұмылдырылды. Асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталған. Қазір жолды абаттандыру мен қосымша жұмыстар жалғасып жатыр.
Жаңарған жолдың құрылыс барысы, техникалық ерекшеліктері, сапасына қойылатын талаптар және өңір тұрғындары үшін маңызы –
«Jol live» шығарылымында.
«Jol live» – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба.

Сондай-ақ оқыңыз: