Мемлекеттік бюджеттің кірісі 16,3% ұлғайды
Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері трансферттерді есепке алмағанда – 20,2 триллион теңгені құрады. Бұл – белгіленген жоспардың 98,5%-ы. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қазына түсімі 16,3%-ға немесе 2,8 триллион теңгеге өскен.
Бүгінгі бағдарламада осы оң динамиканың негізгі себептері мен бюджет шығыстарына шолу жасаймыз.