Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 млрд долларға жетті
Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саудасында айтарлықтай серпіліс бар. Еліміз 60,4 миллиард доллардың тауарын экспорттап, көрсеткішті былтырғымен салыстырғанда 19,5% арттырды. Ал импорт баяу өсіммен 4,5%-ды құрап, 42,6 миллиард доллар болды.