Мемлекеттік білім грантының құны мен экономикалық тиімділігі

Жоғары оқу орнына грантқа түсу – мыңдаған талапкердің арманы. Бағы жанса, 4 жыл бойы оқу ақысын төлемей, диплом алуға мүмкіндік бар. Бірақ студент үшін тегін көрінетін білімнің артында бюджеттен бөлінетін қомақты қаржы тұр. Мәселен, мемлекет грант иегері атанған бір студентті оқытуға жылына 803,9 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін қаражат бөледі. Ал бұл ақша нақты қандай шығындарды жабады? Жалпы елде қанша студент мемлекеттік грант негізінде білім алып жатыр? Оларды оқытуға бюджеттен қанша қаражат жоспарланған?

Сондай-ақ оқыңыз: