Қазыналы мекен. Интеллектуалды кен орны
«Қайнармұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты ең жас «Уаз» кен орны мұнай өндірісіндегі таңдап алынған инновациялық жоба.
Онда 2015 жылдан бастап «Интеллектуалды кен орны» концепциясын жүзеге асыру жұмыстары басталды. Ембілік мұнайшылардың бұл жобасы алдағы уақытта «ҚазМұнайГаз» АҚ қарасты барлық кен орындарына енгізіледі.
Жоба негізінде интеллектуалды басқару станциясы 32 ұңғымаға орналастырылды. Ол ақпарат жолдау тетігі және өзге де сандық құралдармен жабдықталған. Осы станциялардың арқасында барлық үдеріс, сораптардың қысымы мен құбыр ішіндегі қысым бақыланып отырады.
Мұнда тек ұңғымалар ғана емес, қондырғылар да «ақылды». Толығырақ шығарылым барысында тарқатамыз.