Қазыналы мекен. «Нұрқазған» жерасты кеніші

Қазақстан әлем бойынша мыс қоры жөнінен 5-орында, ал оны өндіріп, экспортқа шығаратын елдер қатарында 7-орында.

Бүгінде еліміз бойынша 90-нан аса мыс кентастары орналасқан орындар анықталған. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді солардың бірі «Нұрқазған» кенішімен таныстырады.

Ол Қарағанды облысы Теміртау маңында орналасқан. Өндіріс орнының барланған қоры 123 млн тоннаны құрайды. Кеннің бір тоннасында 0,7 гр таза мыс бар. «Нұрқазған» кеніші 2006 жылы ашылды. Алдын ала барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша «Нұрқазған» кеніші 40 жыл бойы өнім бере алады. Оны сарапшылар 2053 жылға дейін еш тоқтаусыз жұмыс істейді деп болжап отыр. Кеніштің бүгінгі қарқыны қандай? Онда жұмыс қалай жүзеге асырылады? Өндірісті атвоматтандыру мәселесі шешілген бе?