Қазыналы мекен. Сыр өңіріндегі ең жас кен орны
Қызылорда облысында жыл сайын мұнай ұңғымалар саны артып, өндіріс көлемі ұлғаюда. Оған өңірдегі компаниялардың қарқынды дамуы себеп. Солардың бірімен бүгін сіздерді таныстырмақпыз.
«Саутс Ойл» мұнай компаниясы Қазақстанның мұнай-газ құрылымы нарығында жетістіккке қол жеткізген өндірістердің бірі. Мұнда геологиялық іздеу-барлау жұмыстары әлі де жүргізіліп келеді. Бастапқы кезде қиындықтар да болды. Қара алтынды кен орнында емес, басқа жерде өңдеуге тура келді. 2003 жылы компания жылына 48 мың тонна қара алтын өндірсе, бүгінде оның саны 80-100 мың тоннадан асады. Жұмысшылар саны да 48-ден 900-ге дейін өсті. Кен орнында бұрғылау қондырғысы мен 150-ден астам әр түрлі арнайы техника жұмыс істейді. Өндіріс ошағының бүгінгі қарқыны қандай? Кен орнының тынысы жайлы толығырақ бағдарламада тарқатамыз.