Қазыналы мекен. Табиғи уран қалай өндіріледі?
«Байкен-U» 2006 жылы Қазақстанда уран өнеркәсібін дамыту бағдарламасы аясында ашылды.
Өткен ғасырдың соңында бұл кен орнында Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстан елдерінің геологтары іздеу-барлау жұмыстарын жүргізген. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін бұл шаруа толықтай тоқтатылды. Тек 2006 жылы ғана кен орнын игеру қолға алынып, уран өндірісі жолға қойылды. 2015 жылы мұнда 1500 тонна табиғи уран өндірілген. Биылғы жоспар өндіріс көлемін 1834 тоннаға жеткізу болып отыр. Сондай-ақ 500 қосымша ұңғыма қазылмақ.
Еліміздегі уранды жерасты шаймалау әдісімен өндіретін кен орындарындағы ең терең ұңғыма осы жерде. Өндіріс жерасты ұңғымаларын сілтілендіру арқылы жүргізіледі. Мұнда табиғи уранды өнімдік ерітіндіге айналдырып, жер бетіне шығармай, қоршаған ортаға зиянын тигізбей өндіреді.
Жалпы өндіріс орнындағы жұмыс неден басталады? Қалай жүргізіледі? Толығырақ бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.